Мектепке дейінгі жастағы балалардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеу-адамгершілік тәрбиенің бір міндеттерінің бірі. 3 мамыр күні біздің балабақшада 7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне арналған "Зарница" әскери-спорттық ойыны өтті. Ойын ұйымдастыруға дайындық тобының тәрбиешілері, тәрбиешінің көмекшісі, сонымен қатар тәрбиеленушілердің ата-аналары қатысты. Ата-аналар мен балалар бірлесіп тапсырмаларды орындап, тапқырлық пен батылдық таныта білді. "Зарница" сияқты іс-шаралар балалар ұжымының бірігуіне, мектепке дейінгі балалардың физикалық қасиеттерін дамытуға, балаларды салауатты өмір салтына тартуға ықпал етеді. Балабақша ұжымы мен ата-аналардың үйлесімді жұмысының арқасында "Зарница" ойыны ұйымдастырылған, қызықты, танымды өтті.