«№ 3 Балабақша» МКҚК-ғы комплаенс-қызметі туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ереже
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» заңнамасына сәйкес субъектінің негізгі міндеті - қызмет процесінде барлық нормалар сақталмаған кездегі туындауы мүмкін тәуекелдерді реттеуші функцияны орындау мақсатында, ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету болып табылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын атқаруды айқындайды.
Ұйымдағы ішкі бақылаудың функциялары мен міндеттері:
• Ұйымда қабылданған тәртіпке, ержелерге және сұрау салуларға сәйкес әрекет ету;
• Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау;
• нормативтік актілерді;
• ұйым Жарғысын;
• ішкі тәртіп Қағидаларын сақтау.
II. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің мақсаттары мен міндеттері
Комплаенс-қызметінің негізгі функциясы: ұйым мен оның қызметкерлерінің белгіленген нормаларды және қолданыстағы заңнаманы нақты орындауды бақылауды реттеу.
Мақсаты: белгілі бір нормалар мен ережелерді бұзу салдарынан мүмкін болатын тәукелдердің алдын алу.
Міндеттері:
• Ұйымда ресми мәртебені пайдалану;
• тәуекелдерді бақылайтын және бақылау жасайтын комплаенс-қызмет мамандарын анықтау;
• комплаенс-бақылуды жүзеге асыруға қатысты жанжалдар мен қарама-қайшылықтарға қарсы іс-қимыл бойнша шаралар қабылдау.
III. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жұмысын ұйымдастыру тәртібі
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметті құру туралы бұйрық шығарылады, ол ұйымның ресми интернет-ресурсында орналастырылады және барлық қызметкерлердің назарына жеткізіледі;
• комплаенс-қызметінің саны үш адамнан тұрады;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің Ережесін әзірлеу;
• қызмет мамандары тікелей басшылыққа есеп береді;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын өткізу.
IV. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің құқықтары мен міндеттері
• Құрылымдық бөлімшелерден ұйымның ішкі құжаттарымен регламенттелген ақпарат пен материалдарды сұрату;
• ұйым басшысының қарауына олардың құзырындағы мәселелерге қатысты бастамашылық жасау;
• ықтимал құқық бұзушылықтар туралы келіп түскен хабарламалар бойынша қызметтік тексерулер жүргізуге бастамашылық жасау;
• олардың құзырына қатысты мәселелер боынша мәжілістер ұйымдастырып, өткізу;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет функциясын жүзеге асыру кезеңінде белгілі болған ұйым туралы ақпараттың құпиялылығын сақтау;
• жүгінген тұлғалардың құпиялылығын сақтау;
• ҚР заңнамасына қайшы келмейтін басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыру.
V. Толық ресурстық қамтамасыз ету
• Ресурстармен қамтамасыз ету, соның ішінде өз міндеттері мен функцияларын еш кедергісіз атқару үшін техникалық ресурстармен де.
VI. Қадағалау және тексеру органдарымен өзара іс-қимылдың болуы
• Комплаенс-бақылаудың тиімділігін арттыру және тәуекелдерді нәтижелі басқару үшін мамандар тексеруші мекемелермен өзара іс-қимыл жасаулары тиіс.