"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының №3 бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли - сад №3 города Акколь при отделе образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Нормативтік-құқықтық актілер

23.03.2019

Мектеп жасына дейінгі балаларға сапалы білім беру қызметін қамтамасыз етуде қажетті жағдайлар жасау мақсатында мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттардың тізбесі:

1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319- III Заңы.

2. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-II Заңы.

3. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 Заңы.

4. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 306-III Заңы.

5. «Мүмкіндігі шектеулі кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-II Заңы.

6. Қазақстан Республикасының2016–2019 жылдарға арналған «Білім және ғылымды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы», Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы.

7. «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 569 Жарлығы.

8. «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар туралы» санитарлық қағидалар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығы.

9. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейін) балаларды жіберу үшін кезекке қою», «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары» Қазақстан Республикасы Білім және ғылымМинистрінің 2017 жылғы 11 қазандағы № 518 бұйрығы.

10. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік стандарты» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы.

11. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың тұрпатты оқу жоспары» Қазақстан Республикасы Білім және ғылымМинистрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы.

12. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың тұрпатты оқу бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылымМинистрінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы.

13. «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығы.

14. «Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізу ережесін бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 10 маусымдағы № 337 бұйрығы.

15. «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтар мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы.

16. «Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметінің тұрпатты қағидалары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысына 2017 жылғы 07.04. жағдай бойынша өзгертулер мен толықтыруларды және 2018 ж.03.09.№7064 жағдай бойынша өзгертулер мен толықтыруларды қоса алғанда.

17. «Мектепке дейінгі ұйымдардың қызмет түрлерінің тұрпатты қағидалары» ҚР БҒМ 2013 жылғы 29 мамырдағы № 206 бұйрығы.

18. «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының тұрпатты біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы.

19. «Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын құрал-жабдықтармен және жиһазбен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы.

20. «Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық нұсқадағы тізбелер туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығы.

21. Шек қойылған актілер: педагогикалық кеңес туралы, әдістемелік сағат, семинар, аттестаттау комиссиясының құрамы туралы, түрлендіру компоненті, ата-аналармен жұмыс, қорғаншылық кеңес және тағы басқа.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 23.03.2019 16:06
Құрылған күні: 23.03.2019 16:06

Текст