"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының №3 бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли - сад №3 города Акколь при отделе образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Комплаенс қызметі. Лауазымдық нұсқаулық

06.05.2021

Лауазымдық нұсқаулық

Әдіскер

 

1. Жалпы ережелер

1.1. Әдіскер тиісті мамандық бойынша жоғары педагогикалық білімі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі ( арнайы орта, кәсіптік орта) бар адамдар қатарынан тағайындалады.

1.2. К/С басшысына бағынады

1.3. Басшының бұйрығымен қызметке қабылданады және қызметтен босатылады.

1.4. Жылына 1 рет медициналық тексеруден өтеді.

1.5. Өз жұмысында нормативтік құжаттарды, осы лауазымдық нұсқаулықты және ішкі еңбек тәртібі Ережелерін басшылыққа алады.

1.6. Жұмыс аптасының ұзақтығы-40 сағат.

1.7. Жыл сайынғы кезекті демалыстың ұзақтығы-56 күнтізбелік күн.

1.8. Еңбек тәртібін сақтайды.

1.9. Әдіскер білуі керек:

– Қазақстан Республикасының Конституциясы ( бұдан әрі-ҚР), ҚР "Білім туралы", "ҚР Тілдер туралы", "ҚР Бала құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер;

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары;

- дидактика принциптері;

- Педагогика және жас психологиясы негіздері;

- тәрбие мен оқытудың жалпы және жеке әдістемелері;

– оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу принциптері мен тәртібі;

- педагогикалық жұмыстың тиімді формалары мен әдістерін анықтау, жалпылау және енгізу әдістемесі;

- медициналық-психологиялық-педагогикалық және балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері мен жүйке-психикалық қызметі;

- әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптері;

аудиовизуалды және интерактивті оқыту құралдарына қойылатын негізгі талаптар;

- еңбек туралы заңнама негіздері;

еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау қағидалары мен нормалары;

- санитарлық ережелер мен нормалар.

II. Лауазымдық міндеттері

2.1. Білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

2.2. Пәндер мен оқу курстары бойынша оқу, оқу - тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар жасайды.

2.3. Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға ( әзірлеуге); білім беру ұйымдарымен, балалар орталықтарымен, мұражайлармен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты дамытуға қатысады.

2.4. Оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді.

2.5. Оқу-әдістемелік құжаттамаларды, құралдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады.

2.6. Зерттеулер мен әзірлемелердің жаңа бағыттарын қалыптастырады, жас топтары бойынша сабақтар кестесін жасайды.

2.7. Озық практикалық тәжірибені таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді.

2.8. Білім беру деңгейлерінің үздіксіздігі мен сабақтастығы қағидатын сақтау, ата-аналармен өзара іс-қимыл бойынша іс-шараларды ұйымдастырады.

2.9. Қазіргі заманғы жабдықтарды ауыстыру және сатып алу туралы ұсыныстар енгізеді, топтарды оқу құралдарымен, ойындармен, ойыншықтармен жинақтауды ұйымдастырады.

2.10 оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жай-күйін талдайды.

2.11. Тәрбиешілер үшін ашық сабақтар, семинарлар, жеке және топтық кеңестер, көрмелер, конкурстар өткізеді; шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады; оқу - педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін жүргізеді; есепке алу және есеп беру құжаттамасын уақтылы ресімдейді.

2.12. Тәрбиеші, психолог, логопед, музыкалық жетекші, ұйымның басқа мамандарының өзара іс-қимылын үйлестіреді.

2.13. Балалардың біліміне, іскерлігіне, дағдыларына талдау жүргізеді.

2.14. Тәрбиешілер, олардың көмекшілері лауазымдарына кадрларды іріктеу және оларды көтермелеу жөнінде ұсынымдар енгізеді.

2.15. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және аттестаттау жұмыстарын үйлестіреді

3. Құқық

3.1 ҚР Еңбек кодексінде, ішкі еңбек тәртібі қағидаларында көзделген құқықтарға ие.

4. Жауапкершілік

4.1. Осы Нұсқаулықпен жүктелген барлық міндеттердің орындалуына жауапты болады

  • комплаенс.png
  • комплаенс.png


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 06.05.2021 14:56
Құрылған күні: 31.01.2022 09:36

Текст