Назар аударыңыз! "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы №3 бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2024 жылға мемлекеттік қызметтер бойынша есеп береді.
1. Жалпы ережелер
1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы №3 бөбекжай-балабақша" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ. Заңды мекенжайы Ақкөл қаласы, Исаков көшесі, 13.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
2).Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
2024 жылы "№3 бөбекжайы" МКҚК Мемлекеттік қызметтің 1 түрін тегін негізде көрсетті:
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетілді.
3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Білім беру саласында неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
"Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау"
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған www.egov.kz, www.elicense.kz. Сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Ақкөл қаласы бойынша барлық мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Akmola.kz.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
2024 жылы 2 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
1) 2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес бақылау іс-шаралары жүргізілді.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.
2025 жылы білім бөлімі және ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.